Ақтөбе облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтбе облысының Қарғалы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық білім департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 416
Фото - Caravan.kz

Облыстық білім департаментінің ақпараттарына сүйенсек, жаңа мектеп бұрын апаттық жағдайда тұрған ғимарттың орнына салынған. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 262,9 млн теңге бөлінген. Осы қаржыға тендерді жеңіп алған «МастерСтройАльянс» компаниясы 464 орынды оқу ғимаратын салған.

«Мектептің жалпы алаңы 4,6 мың шаршы метрден асып жығылады, онда волейбол, футбол және баскетбол алаңдары да бар»,- деп хабарлады департаменттегілер. Сонымен қатар, жаңа ғимарат кітапханамен, зертханалармен және арнайы кабинеттермен жабдықталған.

Департаменттегілердің айтуынша, бүгінде облыста барлығы 472 мектеп бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті