Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы қыстың қарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы қыстың қарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті

Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы қыстың қарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті

Алматы. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы Қазақстанның оңтүстігіндегі қыстың қаһарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне вокзалдың жолаушылар тасымалдау қызметінің бастығы Әли Құрманғалиев хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

«15-желтоқсаннан бастап біздің табысымыз екі-үш есеге түсіп кетті. Жолдар мен асулардың барлығының ашылғандығына қарамастан автобустар тұрып қалды. Жолаушылардың барлығы билеттің бірнеше есе қымбаттығына қарамастан, теміржол арқылы кетіп жатыр»,- деді Ә. Құрманғалиев.

Оның айтуынша, қазір жолаушылардың болмауынан Кентау, Абай, Сарыағаш, Жібек жолы сияқты бағыттардағы рейстерді тоқтатуға тура келіп отыр. «Тек Таразға ғана жолаушылар бар, олардың өзі көп емес»,- деді автовокзал өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті