2007 жылы Астананың қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Астананың қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған

2007 жылы Астананың қаржы полициясы қозғаған қылмыстық істер бойынша шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған

Астана. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Астананың қаржы полициясының қозғаған қылмыстық істер бойынша қайтарылған шығын 1 млрд 356 млн теңгені құраған. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы 509 қылмыстық іс қозғалып, оның 468-і сотқа жіберілген. Қайтарылған шығын көлемі 1 млрд 356 млн теңгені құраған»,- деді А. Кәрімов.

Оның айтуынша, департамент өткен жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы 126 іс қозғаған, олардың 125-і сотқа жіберілген. «Аталмыш статистикаға сәйкес, өткен жылы мемлекеттік қызметкерлер үш күннің бірінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен кездесіп отырған. Осы істердің барлығына дерлігі сотқа жіберілген»,- деді департамент бастығы жылды жұмыс қорытындысын шығара отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті