Қарағанды облысында дауыл болатындығы ескертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында дауыл болатындығы ескертілді

Қарағанды облысында дауыл болатындығы ескертілді

Қарағанды. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысында дауыл болатындығы ескертілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2008
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының мәліметтеріне сүйенсек, «18-қаңтар күні түнде Қарағанды облысының аумағында, оңтүстік аудандардан басқа жерлерде 35 градусқа дейін аяз болады, деп күтілуде».

«Біз барлық ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына қауіпсіздік шараларын қабылдау үшін тиісті ақпараттар тараттық. Біз олардан төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты кешенді шаралар ұйымдастырып, апаттық-құтқару қызметтерінің күші мен құралдарын дайындауды, өмірге маңызды нысандардың жұмыстарын қамтамасыз ету және көлік қозғалысына, жолдар мен көпірлердің жағдайына бақылау қоюды күшейтуді, байланыс және хабарландыру құралдарының дайындығын тексеруді сұрадық. Ахуалдың шиеленісуі туралы Қарағандының төтенше жағдайлар басқармасының жедел кезекшісіне тез арада хабарлауларын өтіндік»,- деп хабардар етті департаменттегілер.

«Біз тұрғындарға ауа райын мұқият бақылап, өздерінің жағдайларын қадағалап, күн райының өзгеруіне қарай киінуге, қатты тоңу және үсінуге жол бермеуге, мүмкіндік болған жағдайда, әсіресе түнде алыс жолға шықпауға кеңес береміз»,- деп еске сала кетті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті