Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Ақтөбе облысы РАО «ЕЭС» (РФ) электр қуатын сатып алып отырғандықтан, компания басшылары өндіріліп отырған өнімнің 1 Квт құнын 1,1 рубльге немесе 32.5 % дейін көтермекші. Осыған орай облыста электр қуаты тарифтерінің көтерілуі мүмкін.
Алайда, әкімдікте атап өткеніндей, тарифтер көтерілмейді.
«Облыс басшылары ресей жағымен келіссөздер өткізіп, бірқатар шараларды қолға алды. Енді оның қорытындылары бойынша, электр қуатының тарифтері сол күйінде өзгеріссөз қалады», — деп хабарлады әкімдікте.
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, облыстық әкімдік нарықта бағаның тұрақталу саясатын одан әрі жүргізетін болады.
Облыстық әкімдікте айтқанындай, бүгінде аймақ Қазақстанның энергетикалық ортақ жүйесіне кірмей отырғандықтан, Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін, бірқатар жобалар қолға алынып отыр.
Мысалы, биылғы жылы 486,7 шақырымға созылатын «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» ЛЭП пайдалануға берілуі жоспарланған.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында 180 МВт электр қуатымен қамтамасыз ете алатын электрометаллургиялық зауыты және 130 МВт электр қуатын шығаратын Қандыағаш ГТЭС құрылыстарының басталуы жоспарланған.
Облыстық шенеуніктердің айтуынша, бұл жобалар іске асырылатын болса, онда бұл нысандар аймаққа қажетті көлемде электр қуатын шығаратын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті