Алматы және Ақтөбе облысында орын алған өрт салдарынан бір адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Ақтөбе облысында орын алған өрт салдарынан бір адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Алматы және Ақтөбе облысында орын алған өрт салдарынан бір адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді

Алматы. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"-Алматы және Ақтөбе облысында орын алған өрт салдарынан бір адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 371
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпараты бойынша, 20 қаңтарда Байтерек ауылында сағат 7.35 жер үйлердің бірінде өрт өршіді. Соның салдарынан бір адам 1және 2 дережелі күйікке шалдығып ауруханаға жеткізілді. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 9.20 ауыздықталды. Бұл жұмысқа 4 адам және бір бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Эмба қаласында 20 қаңтарда бір жер үйді өрт шарпып, сағат 12.30 оны сөндіру кезінде бір адамның мәйіті табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 4 адамы және бір техникасын жұмылдыру арқасында ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті