Алматы - Новосибирск поезындағы жолаушылардан 6 келі есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы - Новосибирск поезындағы жолаушылардан 6 келі есірткі тәркіленді

Алматы - Новосибирск поезындағы жолаушылардан 6 келі есірткі тәркіленді

Павлодар. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан-Ресей шекарасында Алматы - Новосибирск поезындағы жолаушылардан 6 келі есірткі тәркіленді . Бұл туралы агенттік тілшісіне Ресейдің Алтай аймағының кеденінде хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 382
Фото - Caravan.kz

Алтай кеденшілерінің ақпараты бойынша күдікті екі әйел Локоть шегара стансасында құрықталды. «Ресейдің Федералды шегара қызметінің Рубцовск стансасының жол ішкі істер бөлімі және Рубцовск кеден бекетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып жүргізген тексеру жұмыстары кезінде Қырғызстаннан келе жатқан от басына назар аударылды».

Шұғыл уәкілдің сөздеріне қарағанда, 45-жастағы әйел Новосибирскке өзінің қызы мен көлік апатына ұшыраған күйеу баласын емдеуге әкетіп бара жатқан. Тексеру кезінде екі әйелден полиэтилендік пакетке салынған есіркті табылды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 5 келі, 756 граммды құраған. Кеденде хабарлағанындай, әйелдердің сөздері бойынша есірткі заттарын жеткізгені үшін, оларға 1 мың доллар сыйақы берілу керек екен.

Бұған қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Егер сот оларды кінәлі деп тапса, онда олар 20 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті