Алматыда бірнеше сағаттық тексеру жұмыстары кезінде 130 мас көлік жүргізушісі құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бірнеше сағаттық тексеру жұмыстары кезінде 130 мас көлік жүргізушісі құрықталды

Алматыда бірнеше сағаттық тексеру жұмыстары кезінде 130 мас көлік жүргізушісі құрықталды

Алматы. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда демалыс күндерінде көлікті мас күйінде жүргізген 130 адам құрықталды. Бұл туралы агентікке қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 575
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жүргізілген рейдтік операциясы кезінде жол полициясының қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде ішімдік ішкен 130 көлік жүргізушісін қолға түсірді. Жеті адамның көлік жүргізу куәлігі болмағандықтан ұсталды. Айыптық алаңдарға 83 көлік жеткізілді. Ал қарама- қарсы жолға шығып кеткен екі көлік иелері әкімшіліктің жауапқа тартылып, тағы да екеуі жол қиылысындағы тәртіпті бұзғандары үшін жауапқа тартылды.

«Шұғыл-профилактикалық шараларына жеке құрамның 200 қызметкері жұмылдырылды. Жол полициясы инспекторлары көлік жол апаты болған орынға шығып, көлікті мас күйінде жүргізгендерді құрықтаған. Бүр түнде инспекторлар орын алған 25 көлік жол оқиғасының анық- қанығын анықтап қайтты «, — деп хабарлады Алматы қалалық Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ермек Құсаинов.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, тексеру жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты, көлікті мас күйінде жүргізетіндерді құрықтау, қарама- қарсы жолға шығу үрдістерін алдын алу, тіркеу құжатсыз және куәліксіз көлік жүргізу деректерін анықтау және түрлі апатты жағдайларды туғызуға жол бермеу. Сонымен қатар, жол полициясының қызметкерлері ұрланган және іздеуде жүрген көліктерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті