Семей полицейлері қатты аязға байланысты жұмыстың күшейтілген режиміне көшті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей полицейлері қатты аязға байланысты жұмыстың күшейтілген режиміне көшті

Семей полицейлері қатты аязға байланысты жұмыстың күшейтілген режиміне көшті

Семей. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей полицейлері қатты аязға байланысты жұмыстың күшейтілген режиміне көшті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық жол полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 349
Фото - Caravan.kz

Жол полициясы бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, қаланың шыға берісіне жол полициясының посты қойылған. Бұл шара ауыл тұрғындары елді-мекенен алыс шықпаулары үшін қабылданып отыр. Полицейлердің айтуынша, қатты аязда кез-келген техника сыр беруі мүмкін.

Мекеменің ақпараттарына сүйенсек, жыл басынан бері жол полициясының қызметкерлері 90-нан астам адамды құтқарған.

«Сенбі күні Семейден 10 шақырым қашықта полицейлер Тоқтамыс аулының төрт тұрғыны бар «Волга» көлігін кездестірген. Қырық градус аязда бір сағаттан астам уақыт отырған адамдар қалаға жеткізілді»,- деді жол полициясының қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті