Қарағандыда 1-ші ЖЭО 87 қызметкері жалақының төмендігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда 1-ші ЖЭО 87 қызметкері жалақының төмендігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш білдірді

Қарағандыда 1-ші ЖЭО 87 қызметкері жалақының төмендігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш білдірді

Қарағанды. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 1-ші ЖЭО 87 қызметкері жалақының төмендігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қарағанды-Жылу" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыр.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 597
Фото - Caravan.kz

«1-ші ЖЭО 300 қызметкерінің 87-сі жұмыстан кету туралы өтініш жазды және бұл олардың саны күннен күнге өсіп келеді»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметкерлерінің айтуынша, бұл Қарағандыда жылу маусымының аяқталуына әкеп соқтыруы мүмкін.

«Энергетикатер «Қарағнды-Жылу» мекемесінің басшысына бірнеше рет жалақыларын көтеру туралы өтініш білдірген, бірақ олардың өтініштері қанағаттандырылмаған. Оған жалғыз себеп бар — жұмысшылардың жалақыларын тарифтер көтерілгенде ғана өсіру мүмкін болып отыр, ал тарифті көтеруге моратория жарияланған. Сондықтан да жалақыларын жақын арада көтеру мүмкін емес. Осыған байланысты адамдар кәсіпорыннан шықпақ ниетте», деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, соңғы рет энергетиктердің жалақылары өткен жылдың қаңтарында 30 пайызға көтеріліп, кәсіпорын бойынша орташа жалақы 30 мың теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті