Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ жасалған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартты бұзды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ жасалған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартты бұзды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ жасалған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартты бұзды

Шымкент. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі "Шымкентцемент" АҚ жасалған жер астын пайдалану жөніндегі келісім шартты бір жақты тәртіппен бұзды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық кәсіпкерлік және индустрия департаментінің индустрия бөлімінің бастығы Мұрат Садықов хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Шымкентцемент» АҚ басшылығы 1997 және 2003 жылдары жасалған келісім шартта «Қазығұрт, «Абылай», «Текесу» кен орындарының қарастырылғандығына қарамастан, бұл жерлердегі тау кен жұмыстарын дамыту жоспарын келіспеген»,- деп хабарлады М. Садықов.

Индустрия бөлімінің бастығы, заңға сәйкес келісім шартта жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда келісім шартты біржақты тәрітппен бұзуды қарастырады, деп түсіндіріп өтті. «Солай жасалды да»,- деп қосты ол.

М. Садықовтың хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты сот дауы жүріп жатыр. «Іс екі сатыда қарастырылды — ауданаралық экономикалық сотта және облыстық сотта. Ауданаралық сотта олар жеңіске жеткен болатын, ал облыстық сотта — біз. Одан әрі іс Жоғарғы соттың қарауына жіберілетін болуы керек»,- деп түсіндіріп өтті бөлім бастығы.

М. Садықовтың мәліметтерәіне сүйенсек, «Шымкентцемент» АҚ-да жоғарыда аталған үш кеніштен басқа кен орны жоқ, және де сот талқылауында жеңілген жағдайда кен базасынан айырылады.

«Шымкентцемент» АҚ құрамына кіретін Шымкенттің цемент зауыты Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі цемент зауыты болып табылады. Кәсіпорын 1959 жылдан бер жұмыс істеп келеді. Зауытты 1999 жылы шетелдік «Italcementi Group»инвесторлары сатып алған болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылы «Шымкентцемент» АҚ 950 мың тонна цемент шығарған (2006 жылы — 825 мың тонна).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті