Қазақстанның премьер-министрі ІІМ басшысына құрылыс саласындағы жұмыс орындарын бостауға байланысты ахуалды бақылауға алуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның премьер-министрі ІІМ басшысына құрылыс саласындағы жұмыс орындарын бостауға байланысты ахуалды бақылауға алуды тапсырды

Қазақстанның премьер-министрі ІІМ басшысына құрылыс саласындағы жұмыс орындарын бостауға байланысты ахуалды бақылауға алуды тапсырды

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа Қазақстандағы құрылыс қарқынының бәсеңдеуіне байланысты құрылыс саласындағы жұмыс орындарын бостауға қатысты ахуалды бақылауға алуды тапсырды. Ол мұндай тапсырманы Ішкі істер министрлігінің бүгін өткен алқа отырысында берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Сіз тиісті қаржы органдарының дүниежүзілік қаржы дағдарысына байланысты белгілі себептермен 2008 жылы экономиканың өсу қарқыны төмендейтіндігін күтіп отырғандығы туралы үкіметтің арнайы мәлім еткендігін білесіз»,- деді К. Мәсімов.

«Осыған сәйкес ел аумағындағы құрылыстарда да бәсеңдеушілік болады, бұл объективті және қажетті үрдіс»,- деп қосты ол.

«Сондықтан да басқа салаларға өтетін құрылыс мамандығы бар адамдардың пайда болатындығына, оның барлығы заңды бола бермейтіндігіне сіздердің ерекше назарларыңызды аударамын»,- деп атап өтті премьер.

Осыған байланысты премьер-министр ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановқа «басқа елдерден келетін заңсыз мигранттар мәселесін қарастырып, осы жұмыс орындарын босатуға байланысты ешқандай заңсыздықтарға жол бермеуді» тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті