Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыста төрт адам тілсіз жаудың құрбаны болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыста төрт адам тілсіз жаудың құрбаны болды

Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыста төрт адам тілсіз жаудың құрбаны болды

Өскемен. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында өткен демалыста төрт адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Қаңтар айы әлі аяқтала қойған жоқ, ал жыл басынан бері 17 адамның қайтыс болғандығы тіркеліп отыр. Мұның басты себебі бұрынғыдай — абайсыздықта өртке орану болып табылады»,- деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаментіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «өрт сөндірушілер Риддер қаласында шыққан өртті сөндіру кезінде екі адамның денесін тапқан. Саяжай үй ретінде пайдаланып келген вагон өртенген. Қайтыс болғандардың жынысы мен кім екендіктері әлі анықталған жоқ. Тағы екі адамның біреуі Зыряновск ауданында, екіншісі Өскеменде көмірқышқыл газымен уланған».

«Барлық жағдайда да өрттің шығу себебі болжам бойынша — абайсыздықта өрт шығару, мас күйінде темекі шегу, электр құрылғыларын монтаждау және пайдалану кезінде, сонымен қатар пеште от жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті