Байқоңырдан «Прогресс М-63» жүк кораблін ұшыру NASA өтінішімен ақпанның 7-сінен 5-не ауыстырылғандығына байланысты жүк кораблі мен зымыран тысығышын ұшырылымға дайындау кестесіне өзгертулер енгізілген. Ұшырылым алдындағы қажетті дайындық жұмыстарын екі тәулікке бұрын аяқтау үшін технологиялық операциялар жүргізу кестесі тығыздалған.
Ғарыш айлағының № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусының мамандары «Прогресс М-63» жүк кораблін ұшыруға дайындауда. Кораблде күн батареяларына тексеру жүргізіліп жатыр.
Тексеру жүргізіліп болғаннан кейін «Прогресс М-63» жүк кораблін оның қозғалтқыштарына отын мен тығыздалған газ құюға жіберіледі.
Сонымен қатар № 112 алаңның монтаждау-сынақ корпусында «Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
«Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен «Прогресс М-63» жүк кемесі ұшырылуы 5-ақпан Астана уақытымен 19.03-ке межеленген.
«Прогресс М-63» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдықтар мен жанармай жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті