Шығыс Қазақстан облысының әкімі электр қуатын үзіліссіз беру мәселесі бойынша энергетика компанияларымен келіссөздер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысының әкімі электр қуатын үзіліссіз беру мәселесі бойынша энергетика компанияларымен келіссөздер өткізді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі электр қуатын үзіліссіз беру мәселесі бойынша энергетика компанияларымен келіссөздер өткізді

Семей. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов аймақтың халқы мен кәсіпорындарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша энергетика кәсіпорындарының басшыларымен келіссөздер өткізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Кездесуде тараптар қазіргі электр және жылу қуатын жасау, қайта бөлу және тұтынушыларға жіберу тұрақтылығын сақтау жөнінде келісті», — деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Әкімшілікте аталмыш мәселені ұзақ уақытқа жоспарланған реттеу аясында облыс басшылығы қазіргі уақытта қосымша өз кезегімен іске асырылатын әрекеттер кестесі жасалып жатқанын хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, 15-қаңтарда «Шығысэнерготрейд» ЖШС 16-қаңтардан бастап облыс тұрғындарына электр қуаты тәуліктік мөлшерінің жартысына дейін қысқартылуы мүмкін екенін жариялаған болатын. Бұл шараларға компания Қазақстан нарығындағы электр қуатының жетіспеушілігі, ауа-райының күрт суытуы және электр қуатын тұтыну көлемінің кент артуы салдарынан барып отырғандықтарын хабарлаған еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті