2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады - ҚР АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады - ҚР АШМ

2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады - ҚР АШМ

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында вице-министр Ақылбек Құрышбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 425
Фото - Caravan.kz

«2010 жылға дейін ерекше қорғаудағы табиғат аймақтарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтып, оны 8,5% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы біз Халықаралық табиғат қорғау одағы ұсынған 10% межеге жақындаймыз», — деді А. Құрышбаев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, «қазіргі уақытта республикада ерекше қорғаудағы аумақтардың жалпы көлемі 21 млн гектарға немесе жалпы республика көлемінің 7,7% жетеді».

А. Құрышбаев 2007 жылы орман шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары 41 мың гектар аумақты қамтығанын, ол 2002 жылғы көрсеткіштен 3 есе көп екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті