Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі

Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігі Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізін дамытудың техникалық-экономикалық негізін әзірледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 322
Фото - Caravan.kz

«Елбасының тапсырмасына сәйкес Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізды дамытудың, бес халықаралық және он екі аймақтық транспорттық-логистикалық орталық құрудың кешенді техникалық-экономикалық негізі әзірленді»,- деді С. Ахметов.

«Жобаның құны — 900 млрд теңге немесе 7 млрд АҚШ доллары көлемінде»,- деп қосты министр.

С. Ахметов сондай-ақ, «жобаны қаржылай қамтамасыз ету мақсатында концессияның кеңінен қолданылатын механизмдерінен мемлекеттік-жеке серіктестік, сонымен қатар халықаралық қаржы институттарын ынтымақтастыққа тарту жоспарлануда», деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті