«Министрлік Үкімет тапсырмасына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен, «Самұрық Холдингі» және «Қазақстан теміржолы» ҰК-мен бірлесе отырып, 2011 жылға дейінгі теміржол саласын дамыту және реформалау жөніндегі кешенді шараларын әзірледі, ол жақын уақытта үкімет қарауына енгізіледі»,- деп мәлім етті С. Ахмтеов.
С.Ахметовтің айтуынша, кешенді шараларда «саланы дамытудағы мемлекет, ұлттық компания және жеке сектор арасындағы жауапкершілік нақты айқындалған». «Қазақстан теміржолы тасымалдау» ҰК тасымалдау үдерісіне қатысушылардың өзара іс-әрекеті үшін жауапты ретінде біртұтас технологиялық холдинг қызметін жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігшігнің функицсы мен ұлттық компания ұлттық тасымалдаушы мәртебесін сақтап қалады», — деп түсіндіріп өтті министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті