ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 16.15 «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі газ құбырымен соқтығысып, соның салдарынан көгілдір отын құбыры істеп шықты.
«Сөйтіп, 2737 жеке меншік жер үй көгілдір отынсыз қалды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кеше жүргізілген жөндеу жұмыстары кешкі сағат алтыда аяқталды. Төтенше жағдайды ауыздықтауға 25 адам және «ҚазТрансГазАймак» Сарыағаш бөлімінің арнайы 4 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті