«Глубокое аулының тұрғынын тексерген полиция қызметкерлері оның қалтасынан салмағы 400 грамға тартатын есірткіні тәркіледі. Кейін анықталғанындай, ол 12 жастан бастап есірткі саудасымен айналысқан екен», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Есірткіге қарсы күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері есірткі саудагерін қылмыс үстінде құрықтады. «Ол есірткінің 83 грамын бұрын сотталған Қазақстан азаматшасына сатпақшы болған. Есірткі қызмет бабында арнайы үйретілген иттердің көмегімен анықталды», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, «бүгінде сатушы мен сатып алушыға қатысты ҚР ҚК 259 бабы (алдын- ала бір топ адамдардың заңсыз есірткіні немесе ірі көлемде психотроптық заттарды сатып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті