Ғарыш айлағында 2008 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары соңғы сатыға көшті.
Кеше 21 қаңтарда 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары «Протон-М» зымыран тасығышының құрастыру жұмыстарын аяқтады. «Протон-М» жинастырылғаннан соң оны «Бриз-М»төменгі қысымдағы үдеткіш блогындағы бактарындағы отынмен қамтамасыз ету үшін, ол отын құю стансасына жеткізілді.
Күн кестесі бойынша отын құйылғаннан кейін «Протон-М» ракета тасығышы ұшырылуы алаңының дайындық кешенінен ауыстырылады.
«Протон-М» РЗ «Экспресс-АМ33» ҒА ұшырылу алаңына 25 қаңтарда қойылады деп жоспарланған. Олардың ұшырылу жұмыстарын одан әрі қарай дайындап, «Протонды» алаңға тұрғызу жөнінде шешім Мемлекеттік комиссиясының отырысында 24 қаңтарда шығарылады.
«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Экспресс-АМ33» ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.
Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті