Астананың "Жас Отаны" сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығын құрмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың "Жас Отаны" сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығын құрмақ

Астананың "Жас Отаны" сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығын құрмақ

Астана. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астананың "Жас Отаны" сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығын құрмақ. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астананың "Жас Отаны" өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2008
  • 430
Фото - Caravan.kz

Астананың «Жас Отаны» елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің үндеуіне бас көтергендердің алғашқысы. Бұрын хабарлағанымыздай, президент «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және партияның маман резервін құру мәселесін айтқан болатын.

«Біз сыбайлас жемқорлық проблемаларына деген көзқарастарды білу үшін әлеуметтік сауалнама жүргізуді жоспарлап отырмыз. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлықтың өте төмен пайыздық көрсеткіші бар елдердің тәжірибелерін зерделеп, мүмкіндігінше олардың жұмыс тәжірибелерін қолданбақпыз»,- деді Астананың жастар мәслихатының төрағасы Анатолий Добровольский.

Сонымен қатар, «Нұр Отанның» жастар қанаты үстіміздегі жылы маман резерві мектебі — пилотты жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Ол сәтті жүзеге асса, Қазақстанның аймақтарында осы тектес мекемелер ашылатын болады. Мектепті бітіргеннен кейін диплом берілетін болады. Оқу мерзімі — 2 жыл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті