«Қызмет түрлеріне қатысты тарифтерді 1 қаңтардан және 1 ақпаннан бастап бекіту жөнінде 59 субъектіден 87 арыз келіп түсті «, — деді Н. Алдабергенов.
«Заң талаптарын орындамағаны үшін, 64 тариф қайтарылып, 12 өзгеріссіз қалдырылып, 11 тариф төмендетілсін деген құжат бекітілді «, — деп түсіндірді ол.
Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі кезде, «Агенттіктің қаралуына сандық нормативтерін бекіту, шикізатты қолданудың нормаларын анықтау, материалдар мен нормативтік-техникалық шығындарын анықтау жөнінде 70 арыз келіп түскен».
Сонымен бірге табиғи монополияларды реттеу агенттігі » базалық 21 табиғи монополия субъектілерінің заң талаптарын орындау істерін тексере бастады».
«Жалпы биылғы жылы жоспар бойынша 270 табиғи монополия субъектісі тексерілетін болады», — деп атап өтті Н. Алдабергенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті