Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22 қаңтарда Алматы облысының Ерменсай ауылында 10 сағат 40 минутта 3 подъезді, 20 пәтерлі екі қабатты үйде өрт шықты. Құрбан болғандар жоқ.
«Жеті пәтердің шатыры мен жабындары жалынға оранды. 62 адамнан құралған тұрғындар Ерменсай ауылдық мектебінің ғимаратына орналастырылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
ТЖМ мәліметінше, өрт 22 сағат 10 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 5 арнаулы техникасы, 18 адамының күшімен сөндірілді.
Сонымен бірге, ТЖМ мәліметінше, 22 қаңтарда Астанада 18 сағат 18 минутта 9 қабатты тұрғын үйде кабель шахтасында 1 мен 4 қабаттар аралығында өрт шықты. Үйдің 80 тұрғыны көшірілді.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , өрт салдарынан екі адам көмір қышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ мәліметінше, өрт 19 сағат 08 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы, 22 адамының күшімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті