"Южный" кен орнының №65 шахтасының кеншілері ереуіл ұйымдастыруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Южный" кен орнының  №65 шахтасының кеншілері ереуіл ұйымдастыруды көздеп отыр

"Южный" кен орнының №65 шахтасының кеншілері ереуіл ұйымдастыруды көздеп отыр

Қарағанды. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Южный" кен орнының №65 шахтасының кеншілері ереуіл ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне кеншілер телефон арқылы хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Кеншілердің айтуынша, жексенбіден дүйсенбіге дейін олар қарсылық акциясын ұйымдастырмақшы болған. 300-ге тарта адамнан тұратын түнгі ауысым кен орнынан шықпай отырып алған. Тек дүйсенбі күні ғана кеншілер жоғары көтерілуге көнген.

Телефон арқылы берілген ақпаратқа сәйкес, жарты жыл бойы кеншілер өздерінің талаптарын ұжымдық келісімге кіргізе алмаған. Бұл талаптар «Қазақмыс» корпорациясының басшылығына үш рет ұсынылса да, есепке алынбаған. Осыған байланысты кеншілер қарсылық акциясына шығуға бел байлады.

Дүйсенбі күні кеншілер 13 пункттен тұратын олардың талаптары орындалмаса, ереуілге шығатындықтары жөнінде қала әкімшілігі мен корпорация басшылығына хабарлаған. Кеншілер басты пункт ретінде жалақыны көтеру, еңбек жағдайын жақсарту, ауруына байланысты жұмысқа шықпаған жағдайды толығымен өтеу, жұмыс ауысымын өзгертуді атаған.

Кеншілердің айтуынша, қазір олар он екі сағаттан екі ауысымда жұмыс істеуде. Олардың қойып отырған талаптары үш ауысымдағы 8-сағаттық жұмыс кестесін енгізу.

«Күйеулеріміз егер олар жоғарыға көтерілмесе уайымдамау жөнінде бізді ескертті. Олар қарсылықтарын білдіруде», — деп түсіндірді жағдайды кеншілердің әйелдері.

«южный» кен орнының №65 шахтасы Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті