Туризм және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді ұсынып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туризм және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді ұсынып отыр

Туризм және спорт министрлігі бұқаралық спорттық шараларды өткізуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруді ұсынып отыр

Астана. 23-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы жаппай спорттық шараларды өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы мәжілісте "Дене шынықтыру және спорт" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 660
Фото - Caravan.kz

«Салалық спорт қоғамдарын, клубтарды құру спорттық инфрақұрылым объектілерінің желісін кеңейтіп, сапасын арттыруға алып келеді. Ол ХХІ ғасырда дене тәрбиесі мен спорттық қозғалыстардың жаңа даму кестесін құруға мүмкіндік бермек. Еліміздегі бұқаралық спорттың көтерілуі ұзақ уақытқа жобаланған міндет. Ал оны орындауға біздің бүкіл қоғамымыз ат салысуы қажет», — деді Қ. Өскенбаев.

«Мұны іске асыру жолдарының бірі ретінде біз республикалық бюджет бағдарламасы аясында тендер өткізу жолымен әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы жаппай спорттық шараларды өткізуді қарастырып отырмыз», — деді ол.

Министрлік мұндай кестені жергілікті атқару органдарына пайдалануды және бюджетті құру кезінде аймақ шеңберінде тиісті мерзімге бұқаралық спорттық шараларға кететін шығындарды қарастыруды ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті