Өскеменнің орталығында екі жас жігіт өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменнің орталығында екі жас жігіт өлтірілді

Өскеменнің орталығында екі жас жігіт өлтірілді

Өскемен. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменнің орталығында екі жас жігіт өлтірілді, ал үшінші адам ауруханада жатыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бастығы Лариса Поломошнова хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

«22 қаңтарда сағат 21.45 кезекші пультіне қалалық номер бірінші ауруханасында 1988 жылғы бір жас адамның қайтыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Ол пышақ жарақаттарымен ауруханаға түскен. Сол уақытта жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында көкірек пен іш қуысына келтірілген көптеген ауыр жарақаттардан екінші бір жігіт көз жұмды. Ал үшінші жас адам көкірек тұсына келтірілген ауыр жаралармен жан сақтау бөлімінде жатыр «, — деп хабарлады Л. Поломошнова.

Л. Поломошнова айтқанындай, «шұғыл шараларды ұйымдастыру кезінде анықталғанындай, барлық зардап шеккендер «Экстрим» компьютерлік клубынан жеткізілген.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл қылмысты іске қатысы бар күдікпен алты адам құрықталды. Олардың арасындағы ең кішісінің жасы 16 -да. Полиция қызметкерлерінің болжамдары бойынша, жастар төбелес кезінде өлтірілді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті