Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы арасындағы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы арасындағы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы арасындағы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығы арасындағы хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болу болу шарттары туралы келісімді бекіту жөніндегі" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Бұл келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жөніндегі бастамасын ілгерілетуге саяды», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім Азиядағы Өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымының хатшылығының Қазақстан Республикасының аумағында болу болу шарттарына қатысты мәселелерді реттейді. Келісімнің 3 бабына сәйкес, Хатшылықтың артықшылықтары мен иммунитеттері, хатшылықтың мекен-жайы мен көлік құралдары, сондай-ақ, оның ресми хат-хабарларымен қоса барлық құжаттары мен мұрағаттары қандай жағдайда болмасын тінту, реквизиция, тәркілеу, тұтқындау және атқару іс-шараларының нысаны бола алмайды», -делінген қорытындыда.

Құжатқа сәйкес, Хатшылық, оның активтері, кірістері мен басқа да меншігі қабылдаушы жақта алынатын барлық тікелей салықтар мен алымдардан, Қосалқы құн салығынан, сондай-ақ, кедендік төлемдер, алымдар мен жинақтардан, хатшылық тарапынан қызмет бабында пайдаланатын заттар мен өзіндік баспа өнімдерін енгізген немесе алып шыққан жағдайда қандайбір шектеулер мен тыйымдардан босатылады.

Келісімге 2007 жылдың 26 маусымында Астанада қабылданған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті