Бүгін төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров 10 тау-кендік құтқарушыны осы жылдың қаңтарындағы апаттан құтқару және техникалық жұмыстарды жүзеге асыруға белсене атсалысқаны, «Абай» шахтасындағы апатты жою сәтіндегі ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
«Біз жарылыс қаупі төніп тұрғанына қарамастан, кеншілерді біреуін қалдырмай жер бетіне шығару үшін жанын қиюдан да тайынбаған тау-кен құтқарушыларының ерлігін мақтан тұтамыз», — деді В. Петров құтқарушыларды марапаттау рәсімінде.
Медаль Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан табыс етілуде. Марапаттау туралы бұйрыққа ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко қол қойған.
10 адам медальдармен марапатталды. 10 адам құрмет куәліктеріне ие болды. 9 адам төтенше жағдайлар министрінің ризашылық хатын алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті