Әлемдік Экономикалық Форумның баспасөз хатында хабарлағанындай, Форумның 5 күндік отырысында 200 -ден аса сессияны өткізу жоспарланған. Күн тәртібінде тұрған басты мәселелер қатарында : экономикалық қауіпсіздік түйіткілдері, қарым -қатынастардағы бизнестік бәсекелестік және инновация мәселелері талқыланады.
Баспасөз хатында айтылғанындай, форум қатысушылары бүгінгі күнде жаһандық экономиканың болашағында сенімсіздік тудырып отырған қазіргі экономикалық тұрақсыздық деңгейін төмендету үшін қандай тиімді шараларды қабылдауға болатыны жөнінде мәселені талқылауы мүмкін. Сонымен қатар, биылғы жылы ауа райының өзгеруіне орай, әлемде сумен қамтамасыз етудегі дағдарыс жайы қайтадан талқыланады. Сонымен қатар, форумның күн тәртбінде маңызды әлеуметтік мәселелер де қарастырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті