Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуаты қамтамасыздығына шектеу енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуаты қамтамасыздығына шектеу енгізілді

Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуаты қамтамасыздығына шектеу енгізілді

Шымкент. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын беруге кешкі уақыттарда шектеу енгізілді. Бұл туралы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Елікбай Тоқбергенов құлағдар етті, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Бізге электр қуатымен қамтамасыз етуге тәжік энергетикалық компаниялары көмектесті. Қазір қатты аяз салдарынан ол жақта өзендер қатып, су электр станциялары электр қуатын бере алмай қалды. Тұрғындардан сол себепті кешкі уақыттарда электр қуатын үнемдеуді сұраймыз», — деді Е. Тоқбергенов.

«Энергопоток»ЖШС бұқарамен байланыс бөлімінің бастығы Оксана Иванованың айтуынша, кешкі ең жоғары тұтыным сәттеріндегі электр қуатының тапшылығы облыста 50 МВт, соның ішінде Шымкентте 30 МВт құрайды.

«Қырғызстан да, Тәжікстан да , Жамбыл ГРЭС-і де кешкі максимумды реттеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да біз тапшылыққа душар болудамыз», — деді О. Иванова.

Облыс бойынша кешкі максимум сәттерінде 450 МВт/сағ электр қуаты тұтынылады.

Е. Тоқбергеновтың айтуынша, электр қуатын тұтынудағы шектеулер осы аптаның аяғына дейін созылады, алайда, «Энергопоток» ЖШС электр қуатымен қамтатамасыз етуші компаниясы нақты мерзімді атаудан бас тартуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті