ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР "Қазақстан темір жолы" АҚ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР "Қазақстан темір жолы" АҚ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР "Қазақстан темір жолы" АҚ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" -Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен ҚР "Қазақстан темір жолы" АҚ арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 546
Фото - Caravan.kz

«Біздің компания Қазақстан бойынша ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Қазір біздің қызметкерлер саны 142 мыңнан асты. Әрине, біз мамандарымызды қайта оқытып, білімдерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлуіміз керек» , — деді «ҚТЖ»АҚ президенті Жақсыбек Күлекеев.

«Өткен жылы біз өзіміздің қызметкерлеріміздің сандық және сапалық құрамасын анықтау жұмыстарын жасап, алдағы бес жылда компанияның 50 мың қызметкері зейнеткерлік жасқа келетінін айқындадық. Әрине, олар зейнеткерлік жасқа шыға сала жұмыстан босатылады деген сөз емес, бірақ олардың орнын басатындар лайықты болуы керек», — деп атап өтті Ж. Күлекеев.

Ал білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев атап өткеніндей, темір жол саласында орта білімді мамандарды даярлап, кәсіби білікті мамандарды оқыту білім беру жүйесінің негізгі басымдықтарының бірі. Оның сөздеріне қарағанда, бұл саладағы мамандар әзірге тек Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясында, Қазақ жол қатынастары университетінде, бес колледж және Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар мен Тараз қалаларындағы оқу орталықтарында дайындалады.

Екі жақ, қол қойылған құжат арадағы қатынастардың тиімді дамуына түрткі болады деген сенімдерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті