«Қазір біз Қазақстанда жыл сайын жүк вагондарының санын ұлғайтып, нарықты қамтамасыз етуге бағытталған салалық бағдарламаны дайындап жатырмыз, 2010 жылға дейін 10 мың жүк вагоны шығарылады», — деді Ғ. Оразбақов.
«Аталған бағдарлама үкімет тарапынан қолдау тапты «, — деп атап өтті ол.
«Қазақстанда жүк вагондары құрылысын ұйымдастырудың үлкен тиімділігі бар екені сөзсіз. Бүгінгі кезде Қазақстан мен ТМД елдері темір жол тасымалындағы құралдардың тапшылығын бастан кешіп отырғандықтан, ол біздің экономикамыздың дамуын тежеп отыр», — деп түсіндірді ИСМ басшысы. Оның мәліметтері бойынша, 2015 жылға қарай Қазақстан мен ТМД елдерінің жүк құралдарына деген сұранысы 350 мың вагоннан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті