«Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне глинозем кенішін «Тобыл» ӘКК-ына беруді, бұл Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді және қысқа мерзімде Қостанай облысында тағы бір алюминий зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын,- деді Кәрім Мәсімов.
«Бұл тапсырманың орындалуын қадағалау сіздің міндетіңіз», — деді ол еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовқа қаратып айтқан сөзінде.
Индустрия және сауда министрінің айтуынша, Қостанай облысындағы боксит кеніштерінің негізінде жаңа алюминий зауытын «Тобыл» ӘКК-ның қатысуымен салу жөніндегі жоба министрліктің түсті және қара металлургиялық өңдеу саласында жаңа өндірістер құру іс-қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті