«Біздің мақсатымыз Қазақстанның ДСҰ-на енуі. Сондықтан, биыл Қазақстанның осы ұйымға енуі бойынша барлық екі жақты келіссөздерді аяқтау және осы міндет бойынша көпжақты келіссөздерді аяқтау мақсатында сәуір айында Қазақстанның ДСҰ-на ену бойынша жұмыс тобының 10-отырысын өткізу жұмыстары жалғасады», — деді Ғ. Оразбақов.
Оның айтуынша, бұдан өзге, биыл Қазақстанға нарықтық экономикадаға ел дәрежесін беру үшін Еуроодақпен келісімге келу қажет. «Сонымен бірге, өндірушілердің саналы протекционизмі мен тұтынушылардың мүддесін қорғау мәселелерін қамтыған кедендік тариф саясатын жүргізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз», — деп толықтырды министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті