ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қаңтар күні түнгі 2 сағат 02 минутта Қазақстан мен Ресей шекарасында, кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 980 шақырымда жер сілкінісі тіркелді. Бұл жерге ең жақын орналасқан елдімекендер — Семей және Зайсан қалалары.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сілкініс қуаты ошағында алты балл болды. Семейде қуаты 2-3 балл жер асты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті