«Арселор Миттал Теміртау» зауытынан метлл ұрлануы жөніндегі іс бойынша жұмыс істеген ҚР ІІМ тергеу комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның қызметкерлерімен бірлесіп «Арселор Миттал Теміртау» зауытының өндірістік аймағындағы «ТЕХОЛ» зауыты маңында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «КамАЗ» көлігін ұстады. «КамАЗ» «ВАЗ 2101» маркалы көлігімен бірге келе жатқан.
«»КамАЗ» жүк көлігінде 35 тонна ақ қалайы болған. Қалайыны зауыт аумағынан алып шығуға берілген рұқсат пен ілеспе құжаттары болмаған», — деп хабарладйы ІІД.
Қазіргі жағдаймен көлікте болған бес адам ұсталды. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті