ТШО мердігерлік ұйымдарында зардап шеккен барлық жұмысшылар "сальмонеллез" деген диагнозбен ауруханадан шығарылып тұрғылықты жерлеріне жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТШО мердігерлік ұйымдарында зардап шеккен барлық жұмысшылар "сальмонеллез" деген диагнозбен ауруханадан шығарылып тұрғылықты жерлеріне жіберілді

ТШО мердігерлік ұйымдарында зардап шеккен барлық жұмысшылар "сальмонеллез" деген диагнозбен ауруханадан шығарылып тұрғылықты жерлеріне жіберілді

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 5 маусымындағы жағдаймен Атырау облысында ТШО мердігерлік ұйымдарында зардап шеккен барлық 215 жұмысшы бақылау мақсатындағы бактериологиялық зерттеуден кейін "сальмонеллез" деген диагнозбен ауруханадан шығарылып тұрғылықты жерлеріне жіберілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Маусым 2008
  • 609
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жұмысшыларға қызмет көрсететін 54 нысанды тексеріп, азық-түлік өнімдерінің 172 сынамасы алынған, оның 23-і ғана нормативтік талапқа сай болып шыққан. Тексеру қорытындысы бойынша 5 нысанның жұмысын тоқтату туралы қаулы шығарылып, жалпы көлемі 477 мың 712 теңгенің айыппұлы салынып, 5 санитарлық ескерту беріліп, 8 адам жұмыстан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті