Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, 4 маусымда облыс әкімдігінде облыс басшысы AES компаниясының Қазақстандағы басшылығымен кездескен. Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысын энергиямен үздіксіз және қалыпты қамтамасыз ету жағдайы талқыланды.
Сондай-ақ, әкімдік 2 маусымда Астанада ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысын энергиямен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қызығушылық танытқан барлық министрліктер мен ведомстволардың жиналысы болғанын хабарлады.
«Пікір алмасылған, қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты тапсырмалары анықталған. Атап айтқанда, «КЕGОС» АҚ басшылығымен мәселе реттелгенге дейін Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін тоқты оқтын-оқтын үзуді доғару туралы келісімге қол жеткізілді», — деп толықтырды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті