«Мен қонақ үйде тұрамын», — деп жауап берген Н. Берггруен Wall Street Journal-дың тілшісіне.
Миллиардер болған Н. Берггруен материалдық құндылықтарға қызығушылығын жоғалтқан. Олар оны қызықтыруды қойып, қайта бас ауруына айналған. Сол себепті ол өзінің Нью-Йорктегі апартаментін, Флоридадағы сарайын және жалғыз автокөлігін сатып жіберген. Ол қайырымдылықпен айналысуға шешім қабылдап, өзінің арт-коллекциясын Берлиндегі жаңа мұражайға сыйға тартқан.
«Қалай болған күнде де, менің бар байлығым — уақытша нәрсе, себебі біз мұнда ұзақ болмаймыз. Біздің істейтініміз, құратынымыз, әрекетіміз — әрқашан өмір сүреді. Құндылық деген осы», — деді миллиардер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті