Иран 2008 жылы Еуропаға газ тасымалдайтын газ құбырын салуды бастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран 2008 жылы Еуропаға газ тасымалдайтын газ құбырын салуды бастамақ

Иран 2008 жылы Еуропаға газ тасымалдайтын газ құбырын салуды бастамақ

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Иран биыл Nabucco жобасының аясында Еуропаға энергия ресурстарын тасымалдайтын газ құбырын салуды бастайды. Бұл туралы Ұлтық газ компаниясының басшысы әрі Иранның мұнай министрінің орынбасары Реза Казаизаде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Neftegaz.Ru ақпараттық ресурсына сілтеме жасай отырып.

  • 6 Маусым 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Иранның осы жобадағы мүмкіндіктерін зерттеу аяқталуға жақын. «Иран газ құбыры Nabucco жобасының бір бөлігі болады. Оған сәйкес Еуропаға газ Иранның ірі газ кен орыны «Оңтүстік Парсыдан» газ тасымалданатын болады», — деп хабарлады Р. Казаизаде.

Естеріңізге сала кетсек, Каспийдің табиғи газын Түркия мен Балқан арқылы Орталық Еуропаға тасымалдайтын Nabucco газ құбырын салу үшін Nabucco Gas Pipeline International консорциумы құрылған. Қазіргі уақытта консорциумға 6 компания кіреді: OMV (Австрия), MOL (Венгрия), Transgaz (Румыния), Bulgargaz (Болгария), BOTAS (Түркия), RWE Gas Midstream (Германия). Әрбір компанияның үлесі 16,67% құрайды.

Жоба құны 7,9 млрд евро. Ұзындығы 3300 шақырымнан асатын Nabucco құбырының өткізу қабілеті 31 млрд текше метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын 2013 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті