ЕҚҚДБ мен JP Morgan өкілдері әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсерін болымсыз деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚҚДБ мен JP Morgan өкілдері әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсерін болымсыз деп есептейді

ЕҚҚДБ мен JP Morgan өкілдері әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсерін болымсыз деп есептейді

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) мен JP Morgan өкілдері әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсерін болымсыз деп есептейді. Бұл туралы кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу аяқталысымен Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьер мен JP Morgan компаниясының инвестициялық банкинг жөніндегі төрағасының орынбасары Робин Ренвик мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Маусым 2008
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Біздің ойымызша, қазіргі күні көріп отырған қиыншылықтарына қарамастан Қазақстан табысты дамуын жалғастырады. Жағдай оңтайлы шешіледі деген ойдамын», — деп толықтырды ол.

Өз кезегінде Ж. Лемьер республиканың банк секторында қалыптасқан жағдай жақсы реттелгенін атап көрсетті. «Ел президентімен кездесу кезінде біз осы Қазақстанда болуы мүмкін болашақ жайында, оның ішінде инфрақұрылымға, жекеменшік секторға, электр энергиясын өндіруге салынар инвестиция жайлы әңгімелестік. Бұл экономиканы дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек», — деді ЕҚҚДБ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті