Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ

Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ

Атырау. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан 2014 жылғы Дүниежүзілік мұнай конгрессін өткізуге үміткер болмақ. Бұл туралы кеше KazEnergy қауымдастығының кеңесінің отырысында қауымдастықтың бас директоры Жанболат Сәрсенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Маусым 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

KazEnergy бас директоры биыл 28 маусымда Мадрид қаласында өтетін 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгрессінде Қазақстан делегациясы республиканы конгресс құрамына енгізу үшін шақырылғанын еске салды.

«Біз ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың, индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа президенті Серік Бүркітбаевтың келісімдерін алдық. Олар конгрестің 19 отырысының екінші күнінде өтетін «Қазақстан сағатының» басты қатысушылары болады», — деп атап көрсетті Ж. Сәрсенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті