Дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға жуырда «Орталық базар» атты аялдамада болып, шақыруға кетіп бара жатқан «УАЗ» арнаулы көлігінің қозғалтқышы өшіп қалған. «Көліктің жанармай насосы жарылып, одан қозғалтқышқа жанармай төгілген. Ақауды жойған жүргізуші отынның буланып кетуін күтпей, көлікті от алдырған кезде өрт шығып, ол жанып кеткен», -дейді станциядағылар.
Дәрігерлердің айтуынша, станция автопаркінде 24 арнаулы көлік бар, оның екеуі «жедел жәрдемнің» меншігінде болса, қалғанын олар жалға алады. «Бұл оқиға біздің жұмысымызға әсер етпейді, өйткені, өртенген көлікті біз жалға алғанбыз», — дейді дәрігерлер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті