Ярослава Шведова жұптық разрядта финалға шықты - US OPEN турнирі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ярослава Шведова жұптық разрядта финалға шықты - US OPEN турнирі

Ярослава Шведова жұптық разрядта финалға шықты - US OPEN турнирі

Американдық спортшы Вания Кингпен жұптасып ойнаған қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен шлем» сериясының турнирінде финалға шықты, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 470
Фото - Caravan.kz

Шведова мен Кингтің жұбы жартылай финалда зимбабвелік-итальяндық жұп Кара Блак пен Флавия Пеннеттаны 6:3, 4:6, 6:4 есебімен ұтты.

Енді олар ақтық бәсекеде қытайлық жұп Чан Юнь-Янь мен Чжен Цземен не болмаса американдық-ресейлік жұп Лизель Хубер мен Надежда Петровамен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Шведова мен Кингтің жұбы Уимблдон-2010 турнирінің жеңімпазы атанған болатын.