Рафаэль Надаль US Open жеңімпазы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рафаэль Надаль US Open жеңімпазы атанды

Рафаэль Надаль US Open жеңімпазы атанды

Испандық Рафаэль Надаль теннистен (US Open) ерлер арасындағы АҚШ Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп жазады Лента.Ру.

  • 14 Қыркүйек 2010
  • 538
Фото - Caravan.kz

Турнирдің ақтық сынында Надаль сербиялық Новак Джоковичпен кездесті. Сайыс 6:4, 5:7, 6:4, 6:2 есебімен испандық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Рафаэль Надаль өзінің спорттық ғұмырында US Open жүлдесін бірінші мәрте ұтып алды. АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін ол, «Үлкен дулығаның» — Уимблдон, Australian Open, US Open и «Ролан Гаррос» секілді барлық төрт турнирінде жеңіске жете алған теннис тарихындағы жетінші спортшы атанып отыр.