Қазақстандық бильярдшы Әлихан Қаранеев мәртебелі Кремль турнирінде жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық бильярдшы Әлихан Қаранеев мәртебелі Кремль турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық бильярдшы Әлихан Қаранеев мәртебелі Кремль турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық бильярдшы Әлихан Қаранеев бильярд спортынан қазанның 10-ында Мәскеуде аяқталған мәртебелі халықаралық Кремль турнирінде жеңімпаз атанды.

  • 11 Қазан 2010
  • 521
Фото - Caravan.kz

Әлихан Қаранеев Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2008 жылғы Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпазы.

«Қазақстанның әлемдік бильярд қауымдастығындағы беделін асқақтатып отырған бұл жетістік қазақстандық спортшы үшін үлкен табыс», — делінген Қазақстанның Бильярд спорты федерациясының баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 9 елден 153 спортшы қатысты, олардың арасында әлем және Еуропа чемпиондары болды.