Әнші LUINA «Жыл әйелі-2012» атағына ие болып, 1 млн. теңге мен алқа алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әнші LUINA «Жыл әйелі-2012» атағына ие болып, 1 млн. теңге мен алқа алды

Әнші LUINA «Жыл әйелі-2012» атағына ие болып, 1 млн. теңге мен алқа алды

Әнші LUINA (Луина) Fun Fearless Female сыйлығының бас жүлдесі - «Жыл әйелі-2012» атағына ие болды.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 565
Фото - Caravan.kz

Премияны Cosmopolitan Kazakhstan журналы ұйымдастырды. Атақ пен мүсіншемен қатар, әнші 1 млн. теңге сомасында ақшалай сыйақы мен алқаға ие болды.

Fun Fearless Female сыйлығының ақтық мәресіне 9 үміткер қатысты: Luina («Жыл әншісі»), Ольга Рыпакова («Жыл спортшысы»), Әлия Телебарисова («Жыл актрисасы»), Татьяна Тарвердян («Жыл дизайнері»), Жанна Прашкевич («Жыл блогері»), Дина Төлепбергенова («Жыл тележүргізушісі»), Диана Снегина («Жыл радиожүргізушісі»), Айсұлу Қойшинова («Жыл бастауы») және Наталия Сульжик («Үлгі етуге лайық адам»).

Салтанатты шараның соңында «Жыл әйелі» жиналған қауымға алғаш рет «Одна» әнін орындады, оның клипі алдағы уақытта шығады.

Fun Fearless Female сыйлығы әлемнің түкпір-түкпірінде 15 жыл бойы өткізіліп келеді. Оның мақсаты елдің әлеуметтік-белсенді және сәтті әйелдерін анықтау болып табылады. Жеңімпаздар бірнеше аталымдар бойынша интернет-дауыс беру арқылы таңдап алынады.

Соңғы жаңалықтар