Жарияланды: 2200

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа бағдарлама ашты

Ләйлә Сұлтанқызы жаңа бағдарлама ашты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Хабар" арнасының тікелей эфирінде көрсетілетін "Тікелей эфир" атты жаңа бағдарламаны тізгіндемек, деп хабарлайды Caravan.kz.

Жаңа бағдарламада түрленген тағдырлар, шешімін таппай жүрген түйіткілдер, адамның өмір жолындағы күресі, үздіктердің ақыл-кеңесі,
табиғатынан таңсық біртумалар жайлы ой қозғалады.

Бағдарламаның басты мақсаты қоғам назарына ілінген ерекше оқиғалар мен кезек күттірмейтін мәселелердің тобықтай түйінін табу, кейстерді арнайы мамандардың, соның ішінде психологтар мен заңгерлердің тікелей көмегі көрсетілетін болады.

Сондай-ақ күні кеше болған маңызды шаралар, еліміздің қоғамдық саяси және мәдени өміріндегі атаулы күндер де бағдарламаның назарынан тыс қалмайды.
 

Пікір қалдырыңыз

[X]