Жарияланды: 8 3100

Құрбанәлі қажының табынушылары ишанды Меккеден аяғын жерге тигізбей қарсы алды

Құрбанәлі қажының табынушылары ишанды Меккеден аяғын жерге тигізбей қарсы алды

Құрбанәлі қажыны астына ақ мата төсеп,  өзін ақ кілемге салып қарсы алған. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Құрбанәлі қажының бейнекөрінісі WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы кең тарап жатыр. Видеода оған табынушылардың әлі де көп екені байқалады. Көпшілігі Ахмед Ишанның денесіне алақан тигізіп қалуға тырысып бағуда. Аталған көріністе қарсы алып жатқан қазақтардың қажылыққа барған еліміздің азаматтары екенін байқауға болады. Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша оқиға Шымкент өңірінде болған. 

Ал көпшілік әлі де ұмыта алмай табынып жүрген Құрбанәлі қажы кім?

Құрбанәлі Ахмет қажы сопылардың ішіндегі адасқандардың бірі ретінде есте қалды. Бір кездері, әсіресе қасиеттті құранның сөздерін бұрмалағаны дінтанушылар тарапынан наразыллыққа ұшырады.

Жалпы Құрбанәлі Ишан нақшбандия тариқатының Орта Азия мен Қазақстандағы өкілі санатында.

Ол Ташкентте дүниеге келген, ұлты өзбек. Кеңес Одағы ыдыраған тұста өзінің діни ұстанымын еліміздің Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстары және  батыс өңірлерде жүргізе бастады. Рәтбек қажының тұсында оның бірқатар жұмыстарына тиым салынды. 1998 жылы ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысында радикалды ағымдарының жолын кесіп, оның басы қасында Құрбанәлі ишан тұрғанын анықтайды. Осыдан кейін Құрбанәлі қажы Өзбекстанға қуылды.

Құрбанәлі Қоқанда өмір сүрген нақшбандия шейхі Ибрахим Маматқұловтың ізін жаластырушы.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 12 сентября

Бұл Кісі Аппақ Ишанның туған немересі Құрбанəлі Ишан. ҰЛТЫ ҚАЗАҚ! (Караван жалған ақпарат беріп отыр) Руы Сейіт Қожа . Пайғамбарымыздың с.а.у немересі Хз.Хүсейннен тарайтын тікелей ұрпағы. Аталары Қосым Қожадан бастап түгелімен Ишан болған. Атасы Аппақ Ишан НКВД тарапынан репрессияға ұшырағаннан кейін акелері Ташкентке қарай өтіп кетед.

Өзі атақты Бұхараның Көкілташ , Мир Араб медреселеринде, Ташкент Ислам Институтында бас аяғы 25 жыл оқыған. Ешқандайда Кнб тарапынан Өзбекстанга қуылмаған.

Сұхбаттары Ю Тубта тұр.

Бұл кісі 90-жылдан бері Уахабилердің адасқан ағым екенін алғаш далелдеп солармен осы кунге дейін куресіп келе жатқан Ғалым адам.

Сол үшін вахаби көзқарасымен уланған адамдар бұл кісіні жек коред. Осылай тукке тұрғысыз нарселерин корсетип жаманатты кылгысы келед.

Бирак олардың бұл тірліктері тек қана бейшаралық. Ойткені ешқайссы Құрбанəлі Ишанның алдына келип бетпе бет ешнарсе айта алмайд.

Қонақ 14 сентября

мына видеодагы кай жакта болган

Қонақ 12 сентября

Құрбанəлі Ахмед Ишанның ұлты өзбек емес. Оның аты айтып тұр кім екенің. Ол қазақ, əке-шешесіде қазақ Ахли байттан руы сейтқожа. Аталары бұрынғы Шымкент облысы Бердібек ауданы Шаян ауылында Орта Азияға танымал ірі медрессе ұстаған. Барлығыда Ишан- пірлер болған. Аппақ Ишан атасы ұлы Бақибулла- Құрбанəлі Хазреттің əкесі екеуін НКВД Павлодар тұрмесіне Ишандарға қарсы репрессия кезінде отырғызды. Сол Ишандарға қарсы репрессия кəзірде де жалғасып келе жатыр деуге болады. Оның ең басты демеушілері дініміздің жаулары уахабсымақтар жұргізіп келеді.

Қонақ 14 сентября

Аппақ ишан бабамыз 1864 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қазіргі Бәйдібек (бұрынғы Шаян) ауданындағы бірінші ауылда дүниеге ¬келген. Ұзын бойлы, арықша келген, келбеті келісті, көрікті адам екен. Оның шәкірттері арасынан елге танылған білімді молдалар мен имамдар көп шыққан. Соның бірі – Аппақ ишанның шәкірттерінің бірегейі Шәді төре Жәңгірұлы. Ақынның әкесі – Жәңгір, Абылай хан-ның шөбересі. Кезінде Кенесары хан¬ның жорықтарына қатысып, ұлт тәуел¬сіз¬дігі үшін күрескен. Шәді бала кезінде осы Шаян мешітінде оқып, діни сауатын ашқан. Өзі де дінді уағыздайтын ақын¬дық жолға түседі де «Алты бармақ» пен «Назым Сияр Шәриф» жыр-дастандарын жазып, ұстазы Аппақ ишанның құрметіне бөленген.

Аппақ ишан – Пайғамбар әулетінің Шаһбүзірік яғни «бұлт үстіндегі әулие» деп аталатын бабамыздың жетінші ұрпағы.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданынының орталығы Шаянда Аппақ Ишан бабамыз салған мешіт-медресе әлі күнге сақталған. Бұл өңірді мекендеген рулар кезінде балаларының сауатын ашатын мешіт-медресені Қосым және Құлатай деген діндар адамдарды шақыртып, ұрпағына дәстүрлі дінімізді ұмыт қалдырмас үшін салғызған екен. Шаянда мешіт-медресенің ашылғаны туралы хабар тез тарап, оны естіген Қаратау, Теріскей, сонау Шу, Әулие ата өңірінің халқы балаларын оқытуға алып келе бастайды. Кейін шағын мешіт тар болады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қосымның баласы Сейдахмет сол кездегі 150 мың рубль орыс ақшасына еуропалық үлгідегі күйдірілген қыштан мешіт медресенің құрылысын бастайды.

Қонақ 14 сентября

Сондықтан, қасиетті дінімізді қадірлейік ағайын! Ата-бабаларымыз салған сара жол, дара жол бұл. "Құдай ұрған оңалар, Аруақ ұрған оңалмас" дейді қазақ атамыз. Сондықтан, аруақты да қадірдлеңіздер, қадірменді ағайын!

Қонақ 14 сентября

Құрылыс 1906 жылы аяқталған. Шаянда пайда болған ірі медреседе бір мезгілде 150-ге жуық шәкірт білім алған.

Шаяндағы мешіт-медресенің кейінгі тарихы Сейдахметтің ұлы Аппақ Мақсұммен ишанмен тығыз байланысты. 1895 жылы Сейдахмет қайтыс болады. Әкелері дүниеден өткен соң оның балалары атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүр бойынша бала оқытуға көшеді.

1926 жылы Кеңес одағында діни-сенім бостандығы жойылып, дін ұстануға тыйым салынады. Қожа-молдалар қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы саясаттың салдарынан Сейдахмет ұрпақтарының да тоз-тозы шығып, олар Ташкент өңіріне бас сауғалауға мәжбүр болады. Шаяндағы мешіт-медресенің қызметі осы жылдары тоқтатылады. Заманында сопылық жолды ұстанып, ғұлама атанған Аппақ ишанның өзі 1930 жылы тұтқынға алынады. Шолақ белсенділер оны астық салығын өтемедің деген сылтаумен жер аударады. Мұрағат мәліметтеріне қарағанда, 1931 жылы Аппақ ишан Ташкенттен Шымкенттегі абақтыға әкелінген. Кейіннен Павлодардағы абақтылардың біріне ауыстырылған. Аппақ ишан бабамыз 1933 жылы Павлодарда 70-ке қараған шағында қайтыс болады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атта мақаласында «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы»: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» - делінген.

Қонақ 14 сентября

Сондықтан, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, қазіргі уақытта сананы өзгерту, жаңарту ауадай қажет. Сопылық – ислам дінінің рухы. Қазақ халқы осы сопылық ілімді бойларына сіңіру арқылы ата-бабамыз салған дара жолды сақтап қалды. Бұл қасиетті жол сопылық ишандық мектептер арқылы келді. Соның ішінде «тасауфф» ішкі жан дүниені кеселдерден емдеуші ғылым. Осы ілім біздің қазақ халқын біріктіріп, ел боп қалуына бірден-бір ықпал етті. Қазақстанның қай жері болмасын қасиетті әрі әулиеге бай. Осынау әулиелеріміздің сопылық мектептің арқасында өз дінімізді, ділімізді, тілімізді, жерімізді сақтадық.

Осынау Баянауыл өңірінен шыққан атақты Мәшһүр Жүсіп-Көпей атамыз:

Исламның бес парызы біреуі – иман,

Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.

Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,

Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған, -демекші, болашақта Аппақ ишан бабамызды зерттеу жұмыстары өте қажет.

Ишан әулетінің халыққа дін жолындағы қызметі қоғам тарапынан толық мойындалып, олардың есімдері кеңінен танылды. Қосым және Сейдахмет ишан ұрпақтарының ислам діні жолындағы қызметі классикалық ислам мәдениеті мен іліміне сүйенген.

Қонақ 14 сентября

Қазіргі уақытта Аппақ ишан бабамыздың баласы Бақиболладан туған немересі Құрбанәлі қажы Ахмед ишан ата-бабасы салған дәстүрлі дінімізді насихаттап жүрген бірден-бір теолог-ғалым.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті».

Міне, Мемлекет басшысы айтқандай, болашақ ұрпақ «өткенін білуі өте маңызды». Сондықтан, қазіргі таңда уахабизм сияқты сананы улайтын діндердің жолын құрту үшін, халқымызға қайтадан сопылық ишандық мектептерді ашып, оны жаңғыртып, болашақ ұрпақты шынайы иманменен тәрбиелеу керек. Бұл қазіргі уақытта біздің ұлтымыздың рух боп сақталуы үшін ауадай қажет. Бұрын ата-бабаларымыз осы дәстүрлі дініміздің яғни сопылық ілімнің арқасында ұлт боп қалды. Өйткені рухы биік таза халық ешқашан да өлмейді! Ешкім де ондай аруақты жандарды жер бетінен құрта алмайды!

[X]